Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында шайбалы хоккейден 2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының 2014-2015 жылдардағы маусым бойынша соңғы айналымы өтті.
Аталмыш чемпионатта Қызылорда облысының командасы қола жүлдеге ие болды. Бірінші орынды - Өскемен қаласының ұлдар командасы алса, екінші орынды – қыздар командасы иеленді. Алматы қаласының командасы – төртінші орынға табан тіресе, Батыс Қазақстан облысының командасы бесінші орынға жайғасты.
Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Акимжанов дайындады. Облысымызда шайбалы хоккей спортының ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де осындай жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген спортшыларымыздың бағындырар биік шыңдары әлі алда деп ойлаймыз.