Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізе ме?

Қазақстан футболдан 2026 жылғы әлем біріншілігін өткізуге өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов нақтылай түсті. Қазіргі таңда бұл мәселе талқылану үстінде.

Қазақстан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізе ме?

 

– Біз бұл мәселені Үкіметпен бірге талқылайтын боламыз. Өз мүмкіндігімізді сараптаймыз, – деген Е.Қожағановтың сөзін L'Equipe жұртқа жеткізді. –  Біздің еліміз қарқынды түрде дамып келеді. Экономикада өсім бар. Ендеше, неге аталмыш ұсыныстан бас тартамыз? Біз қазіргі таңда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниет жасап отырмыз. Сондықтан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс білдірген елдердің қатарында болуымыз ғажап емес.
Айта кетелік, ӘЧ-2026 додасын өткізетін ел 2017 жылдың мамырында белгілі болады. 
Дегенмен, Е.Қожағапанов үстіміздегі жылдың қаңтар айында берген сұхбатында мұндай әлемдік бәсекені өткізу біз үшін әлі ерте екенін айтқан еді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: