Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Каратэ-додан облыс біріншілігі өтті

Қызылордада каратэ-додан онлайн жүйеде облыс   біріншілігі мәресіне жетті. Жарыс ката бағдарламасы бойынша өткізілді.
Онда 10-11 жəне 12-13 жас аралығындағы 50-ден астам спортшы ұлдар мен қыздар арасында бәсекеге түсті. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен бәсеке карантин кезінде спортшылардың уақытын тиімді өткізіп, спортқа деген ынтасын арттыруға бағытталды. 
Біріншілікте 10-11 жастағы ұлдар арасында Нұралы Бақытжан жеңімпаз атанды. Ал Хафиз Абдуллаев, Айбар Қажымұқан мен Даниял Маратов жүлделі орындарды өзара бөлісті. Ал қыздар арасында Нұрай Самратқа тең келетін ешкім болған жоқ.  Одан кейінгі орындарға Айым Алдаберген, Инабат  Мырзабаева мен Назерке Кенжебай ие болды.
Сондай-ақ, 12-13 жастағы ұлдарда Дінмұхаммед  Исмайлов алтын, Сұңғат  Жəнібек күміс алса,  Зиявиддин Бахадиров пен Вадим Пак қола жүлдеге қол созды. Бұл жастағы қыздар арасында Əлия Арыстанбек бірінші орынды жеңіп алса, қалған жүлделерге Мунира  Ерболкызы, Гүлжайна Адилова мен Айымжан Нұрғали қол жеткізді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: