Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жігіттер арасында жоғары лиганың В тобы бойынша ел біріншілігінің 4 тур ойындары болып өтті. Бұл турда Қызылорданың "Қорқыт ата"-ҚМУ командасы "Динамо-Қостанаймен" сынға түсті.
Өкінішке орай, бұл ойында жерлестеріміз 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберіп қойды. Қызылордалық волейболшылар алғашқы екі кезеңде 13:25, 18:25 есебімен жеңілсе, үшінші кезеңде 25:23 есебімен басым түсті. Дегенмен, соңғы кезеңде тағы да 16:25 есебімен жеңіліс тауып, ауадай қажетті ұпайды қарсыласына сыйлады.
Осы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: «Тараз-ТарГУ» – «Астана» 0:3 (20:25, 19:25, 17:25)