Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан құрамасы Буркина-Фасомен ойнайды

Қазақстан құрамасы Буркина-Фасомен ойнайдыҚазақстан Ұлттық құрамасы 12 мамыр күні Алматыда жолдастық матч өткізеді. Бұл күні Юрий Красножан шәкірттерінің қарсыласы Буркина-Фасо құрамасы болмақ. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Буркина-Фасо құрамасы ФИФА рейтингінде 66-шы орында тұр. Оларды 59 жастағы бельгиялық бапкер Паул Пут жаттықтырады. Бір қызығы, Африка елінің шабуылшысы Аристид Бансе  павлодарлық «Ертіс» клубында ойнайды.
Буркина-Фасо - Африканың мықты құрамаларының бірі, 2013 жылы Африка Кубогының финалында ойнады. Құрама сапында Еуропа чемпионаттарында ойнайтын Бакари Коне («Лион», Франция), Шарль Каборе («Кубань», Россия), Алан Траоре («Монако», Франция), Стив Яго («Тулуза», Франция), Джонотан Зонго («Альмерия», Испания), Преджус Нукулма («Мелсин», Түркия)  сынды тәжірибелі футболшылар бар, - дейді Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан. - Жаңа қарсыласпен кездесеміз, сол себепті бұл матч қызықты. Еуропалық футбол үлгісінен ерекшеленеді. Бұл ойынды 12 маусым күні Алматыда іріктеу турнирі аясында Түркиямен өткізетін матчқа дайындық деп бағалауға болады.
Қазақстан мен Буркина-Фасо арасындағы жолдастық матч 12 мамыр күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч сағат 18:00-де басталады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: