0
Қызылордалық тоғызқұмалақшылар қола жүлдегер атанды
Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен ҚР командалық чемпионатында облыс құрамасы жүлделі 3-орынды иеленді.
Команда құрамында Ахметов Дамир, Пернебаев Ерасыл, Кенжебек Ырыскелді, Қалдыбек Самат, Амир Бекзат, Мектепхан Нұрай, Ғаниқызы Нұрай жəне Мектепхан Нұрила шеберлік байқасты.
Енді спортшылар 15-19 желтоқсан аралығында playok.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында онлайн жүйеде Қызылорда облысының кубогына қатысады.
Содан кейін 15-20 желтоқсанда Еуразия кубогы, 22-24 желтоқсанда мектеп оқушылары арасындағы онлайн республикалық жарыстарда бақ сынайды.