Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ20 тамыз күні ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындары, еріктілер және белсенді жастардың қатысуымен бұқаралық велошеру өтеді. 
Шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардың велоспортқа қызығушылығын арттыру. 
Таңғы сағат 9.00-де «Сыр - Ана» монументі жанында қатысушылар жиналса, сағат 10.00-де велошеру басталады. 
Сөре «Сыр - Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылының бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы мәре орталық стадионда аяқталады. 
Бұқаралық велошеру өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: