Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды
Кеше Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайтын командалар өзара жұп құрады. Ол Швейцарияның Ньон қаласында болған жеребе тарту рәсімі арқылы белгілі болды.
Бұдан бұрын "Астана" Кипрдің АПОЭЛ командасымен жұп құрағанын айтқан едік. Енді қалған командалар жайына тоқтала кетелік.
Чемпиондар жолы
Скендербеу (Албания) – Динамо Загреб (Хорватия)
Селтик (Шотландия) – Мальме (Швеция)
Базель (Швейцария) – Маккаби Тель-Авив (Израиль)
БАТЭ (Беларусь) – Партизан (Сербия)
Лига өкілдерінің жолы
Лацио (Италия) – Байер (Германия)
МЮ (Англия) – Брюгге (Бельгия)
Спортинг (Португалия ) – ЦСКА Мәскеу (Ресей)
Рапид Вена (Австрия) – Шахтер Донецк (Украина)
Валенсия (Испания) – МонакоМонако(FRA)
Ойындар 18/19 және 25/26 тамыз күндері өткізіледі.