Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН КӘСІБИ ҚҰПИЯЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

 

Танымал қазақстандық спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин ауыр атлеттер үшін шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ол өзінің Instagram. парақшасында жазды
Жарияланған бейнекөріністе оның ауыр атлетикадағы түрлі жаттығуларды қалай жасау қажеттігін көрсетіп жатқандығын көруге болады.
Ильиннің сөзінше, ол бұл спорт түрінен алғашқы жаттығуларын өзінің ағасының көрсетуі бойынша жасай бастаған. Чемпионның ағасы Алексей Ильин ауыр атлетикамен кәсіби түрде айналысып, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған.
«Мен өзімнің жетістіктерім үшін ағама алғысымды білдіремін. Ол мені ауыр атлетикаға үйретіп, негіз қалады. Ол мені дұрыс бағытпен жүруге үйретті және маған қатты үміт артты»,-деді «Aktau Open Fest» фестивалінде Илья Ильин.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: