Бұл күндері Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы кеше жергілікті командалардың бірімен жолдастық кездесу өткізіп, қарсыластарының қақпасына жауапсыз 13 гол соқты.
Бұл Сыр командасының жаңа маусымға дайындық қарсаңындағы алғашқы жолдастық матчы. Жерлестеріміздің сапында Елжас Алтынбеков, Владислав Нехтий, Кирилл Шестаков және бапкерлердің сынағында жүрген Аслан Оразаев пен Максим Азовский мергендіктерімен көзге түсті. Жалпы, бұлардан бөлек те, «Қайсар» сапында сынақтан өтіп жүрген бірқатар жаңа ойыншылар бар. Дегенмен, толық құрам кейін белгілі болады.
Ал алғашқы оқу-жаттығу жиыны желтоқсанның 21-іне дейін жалғасады.