Футболдан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. 2008 жылы туған балғын футболшыларымыз біріншіліктің алғашқы турында 3 ойын өткізіп, 7 ұпай еншіледі.
Медет Төлегенұлы мен Ғалымжан Жәрімбетовтан тәлім алатын футболшылар "Таразбен" 1-1 есебімен тең тарқасса, Қостанайдың "Тобылын" 3-2, Талдықорғанның "Жетісуін" 1-0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші турдан 7 ұпай жинаған командамыз үздік бесттікке табан тіреді. Сондай-ақ шабуылшы Әлібек Жарылқасынұлы 3 кездесуде 3 гол соғып, сұрмерген футболшылардың қатарына енді.