Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, эстониялық жартылай қорғаушы Сергей Мощников қазір "Тобылдың" сынағынан өтуде.
Оның биылғы жылғы маусымының алғашқы жартысында Қызылорданың "Қайсар" командасы құрамында ойнағанын жанкүйерлер жақсы біледі. Қазақстан Премьер-лигасында 18 ойын көрсетті. Белгісіз себептермен алғашқы айналымнан кейін "Қайсармен" қош айтысты.