Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболдан ӘЧ-2018 және Конфедерация кубогы-2017 өтетін күндері белгіленді

Футболдан 2017 жылғы Конфедерация кубогы финалдық турнирінің және 2018 жылғы әлем біріншілігі ойындарының өткізу күндері белгілі болды. 

 

Футболдан ӘЧ-2018 және Конфедерация кубогы-2017 өтетін күндері белгіленді

 

Конфедерация кубогы 2017 жылдың 17 маусымы мен 2 шілдесі аралығында өткізіледі. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты Санкт-Петербург қаласында болады. Ал Казань мен Сочиде жартылай финал ойындары өткізіледі. Қола жүлде үшін тартысМәскеу қаласындағы "Спартак" стадионында болады деп жоспарланып отыр. Ақтық бәсеке Мәскеудің атақты "Лужники" стадионында өткізілмек. 
Әлем біріншілігінің ашылуы 14 маусымға жоспарланған. Жартылай финал 10-11 шілдеге белгіленсе, 3 орын 14 шілдеде ойналады. Финал 15 шілдеде болады. "Лужникиде" дүбірлі доданың шымылдығы түріліп, жартылай финал мен финалда сонда өткізіледі. Ал Санкт-Петербурге жартылай инал мен 3 орын үшін сайыс болады.  
Естеріңізге сала кетелік, 2018 жылғы әлем біріншілігі Ресейдің  Москве, Санкт-Петербург, Калининград, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Дондағы Ростов. Сочи және Екатеринбург қалаларында болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: