Олжас Абраев Еуропа Лигасында UEFA делегаты болады
Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев Еуропа лигасының топтық ойындарында UEFA атынан делегат болып қатысады.
Бұл кездесу бүгін, 27 қарашада Мәскеу қаласында өткізіледі. Ресейдің Мәскеу қаласындағы "Химки" стадионында жергілікті "Динамо" мен Грекияның "Панатиниакос" командалары шеберлік байқасады.
Естеріңізге сала кетелік, бұл командалар Е тобында сынға түседі. Топтық кезеңнің 4 турынан кейін "Динамо" бірле-бір ұпай жоғалтпастан 12 ұпаймен көш бастаса, грек клубының еншісінде небәрі 1 ғана ұпай бар.