Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 40 ҚҰРАМА СЫНҒА ТҮСПЕК

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 40 ҚҰРАМА СЫНҒА ТҮСПЕКБүгін, 3 желтоқсанда УЕФА-ның атқару комитеті Швейцарияның Цюрих қаласындағы штаб-пәтерінде әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын құрамалар санын 32-ден 40-қа көбейту жөніндегі ұсынысты талқыға салды. Бұл жөнінде "Спорт-экспресс" хабарлады. 
Басылымның хабарлауынша, қазір ФИФА құрамында 209 ассоциация бар. Аталмыш өзгеріс 2026 жылғы әлем чемпионатында қолданысқа енуі мүмкін.  Естеріңізге сала кетелік, қазіргі таңда аталмыш турнирдің финалдық сатысында 32 құрама сынға түседі. 1934-1978 жылдар аралығында жарыста 16 құрама бақ сынап келді. Ал 1982 жылдан бастап олардың саны 24-ке көбейген еді. Ал 1998 жылдан бері әлемнің 32 үздік құрамасы өзара бақ сынап жүр.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: