Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Головкин жұдырықтасқысы келетін боксшылардың есімдерін тізіп көрсетті

Головкин жұдырықтасқысы келетін боксшылардың есімдерін тізіп көрсеттіКәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин RingTV-ге сұхбат берді. Бұл жайында Қазспорт телеарнасы хабарлады.
Ол өз сұхбатында WBC чемпионы Мигель Коттомен біріктірілген жекпе-жек өткізу не үшін маңызды екенін айтып өтті. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы шаршы алаңда жұдырықтасқысы келетін өзге боксшылардың есімдерін тізіп көрсетті.
Геннадий Головкин: «Маған керегі  - Котто. Бұл жекпе-жек мен үшін маңызға ие. Өйткені, Мигель Котто Серхио Мартинесті жеңу арқылы WBC тұжырымына ие болды. Мен Серхиомен жұдырықтаса алмадым. Сол себепті оны жеңген боксшымен шыққым келеді».
Қазақстандық боксшы өзге де қарсыластарына қатысты пікірін білдірді.
«Канело — тағы бір тамаша боксшы. Оны мексикалық аңыз деп атауға лайық. Кіші Чавеспен де жақсы жекпе-жек өткізуге болады. Біз онымен келісімге келуге талпындық, бірақ ол жұдырықтасуды қаламайтын сыңайлы. Фроч та жақсы қарсылас. Олардың барлығының есімдері кәсіпқой бокста жазылған. Ал, мен атақты боксшылармен жұдырықтасуды қалаймын», - дейді Головкин.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: