0
Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестиваль басталады
Қызылорда қаласында 14-20 қазан аралығында ұлттық спорт түрлерінен 4-ші республикалық фестиваль басталады.
Фестиваль спорттың 13 түрінен өтеді.
Ұлттық спорт ойындарының өтетін орны мен бағдарламасы төмендегідей:
Қазақ күресі, жекпе-жек - "Евразия" спорт кешенінде
Тоғызқұмалақ - "Мұз айдыны" спорт кешенінде
Асық ату - "Нұрсәт" теннис орталығында
Көкпар, теңге ілу, аударыспақ, құнан бәйге (7 шақырым), аламан бәйге (25 шақырымм), бәйге (16 шақырым), қыз қуу, жамбы ату және құсбегілік - ипподромда.
"Керемет сәйгүлік" сұлу аттар байқауы - ипподромда,
"Сәнді киіз үйлер" байқауы - орталық алаңда болады.
Фестивальдің салтанатты ашылуы 16 қазан сағ: 17.00-де орталық стадионда болады.