Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке қалай дайындалуда (видео) 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жағажайдағы жаттығу жасап жүрген сәтінен видео жария болды. Ол 18 желтоқсан күні поляк Камил Шереметамен қолғап түйістіреді. Бұл жөнінде kaz.nur.kz жазды. 
Геннадий Головкиннің жағажайда жаттығу жасаған сәтінен видеоны Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының Twitter парақшасы жария етті. АҚШ-та жаттығып жүрген Геннадий кезекті жекпе-жегіне барынша дайындалуда. 18 желтоқсан күні боксшы АҚШ-тың Флорида штаты Холливуд қаласында поляк боксшысы Шереметамен жұдырықтасады.
"Головкин 18 желтоқсан күніне дайындалып жатыр. Себебі, ол Флорида түнінде рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізбек", - деп жазған ресми парақша. 
Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Головкинмен жұмыс істейтін DAZN стримингтік қызметі қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегі қай күні өтетінін ресми түрде жария еткен еді. 
Шеремета мен Головкин арасындағы жекпе-жек Сауль "Канело" Альварес пен әлемнің британдық "супер чемпионы" Каллум Смиттің жекпе-жегі қарсаңында өтуі керек екендігі де айтылуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: