17 жасқа дейінгі Испания жасөспірімдер құрамасы Астанада өтетін жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына қатысатынын растады. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан мен Испания құрамаларынан бөлек, халықаралық турнирге Грузия, Қырғыз Республикасы, Беларусь және Тәжікстанның жасөспірім құрамалары қатысатын болды.
Еске сала кетейік, өткен жылы Испания турнир жеңімпазы атанды. Олар финалда Грузия футболшыларын 6:1 есебімен ұтты.