Соңғы турда Қызылордада Марат Ысқақов төрешілік жасайды
Ертең, 9 қарашада Қызылордада өтетін "Қайсар" мен "Шахтер" командалары арасындағы кездесуде астаналық Марат Ысқақов бас төрешілік қызмет атқарады.
Оған тағы бір астаналық төреші Елеш Құсайынов пен өскемендік Евгений Попов көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші – Қызылордалық Ғалымжан Айжігітов. Қосалқы командалар ойынында қызылордалық Еркен Жантуғанов қазылық етті. Ал ойынның инспекторы алматылық Виктор Абгольц.
Аталмыш кездесу жергілікті уақытпен 15.00-де басталады.