Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН 2 ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАСАДЫ

ИЛЬЯ ИЛЬИН 2 ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАСАДЫҚазақстандық ауыр атлет Реесйдің Грозный қаласында өткен Ресей Федерациясы Президентінің кубогы сайысында өз жанкүйерлерін тағы бір мәрте желпіндіре түсті. Аталмыш жарыста алтыннан алқа тағып қана қоймай, әлемдік екі рекорд жасады.
Сыр өңірінің саңлағы жұлқуда 246 келі зілтемірді төбесіне көтерді. Бұл әлемдік рекорд болып табылады. Сондай-ақ, жұлқу мен серпудің нәтижесі бойынша қоссайыста 437 келіні (191+246) еншісіне жазды. Осылайша тағы бір рекордқа қол жеткізді.
Қызылорда топырағынан түлеп ұшқан тағы бір жампозымыз Александр Зайчиков те Ильяға лайықты қарсылық көрсетті. Ол қоссайыстың қорытындысымен 416 келіні бағындырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: