Ауыл шаруашылығына енбегі сіңген қайраткер Сартай Мыхановты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық ашық турнир мәресіне жетті.
Дүбірлі бәсекеге еліміздің 7 облысынан және Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 31 палуан қатысты. Нәтижесінде қызылордалык Руслан Әбдіразақов чемпион атанып, Nissan patrol женіл автокөлігін иеленді. Одан кейінгі орындарды қарағандылық Ержан Шынкеев пен Алматы қаласының палуаны Арслан Абдамит еншіледі. Ал 4-орын Өзбекстан палуаны Мухсин Хисамиддиновке бұйырды. Сондай-ақ, көрермендер көзайымы номинациясын Грузия елінен келген палуан Левани Матеа Швили иеленіп, оған 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.