Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қайсар» академиясының іргетасы қаланады

Қазір 650 баланы үлкен футболға тәрбилеп жатқан «Қайсар» футбол орталығының бүгінде қордаланған мәселелері бар. Күрделі проблемалардың түйінін тарқату үшін «Достық үйінде» келелі кездесу өтті. 


Футбол орталығына қатысатын жасөспірім балалардың ата-аналары толғандырған сауалын клуб басшылығына тікелей жолдауға мүмкіндік алды. Жиында клуб директоры 2024 жылы футбол орталығының жұмысы академияға ұласатынын жеткізді.
– Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бұқаралық спортты дамытуға ерекше қолдау білдіруде. Наурыз айынан бастап сол жағалаудан жаңа стадионның құрылысы басталса, жанынан «Қайсардың» академиясының іргетасы қаланады. Бұл – футболмен шұғылданатын балалар үшін зор мүмкіндік. Академияның 8 алаңы болады. Оның 4-еуі жасанды, 4-еуі табиғи көгал. Сондай-ақ қыс мезгілінде жаттығу жүргізетін 1 жабық манеж де қарастырылған. Жаңа маусымнан бастап орталықта тәлім алатын жасөспірім футболшылар жаңа спорттық киімдермен жабдықталады. Қорыта айтқанда балалар үшін барлық жағдай жасауға тырысып жатырмыз, – деді клуб директоры.
Кездесуде ата-аналар тарапынан жаттығу уақытын ұзарту, спорт дәрігерінің жетіспеуі, психологиялық дәрістер өткізу, кіші балалар үшін чемпионаттар ұйымдастыру, жаттықтырушылардың жиі байланыс орнату секілді мәселелер қозғалды. Сонымен қатар кездесуде ата-аналар комитеті құрылып, Біртай Бижанов комитет төрағасы болып сайланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: