Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жастары маусымның соңғы ойынын тең аяқтады

"Қайсар" жастары маусымның соңғы ойынын тең аяқтады«Қайсар» жастары 2014 жылғы футбол маусымындағы соңғы ресми ойынын өткізді. Қызылорданың «Локомотив» стадионында Қарағандының «Шахтер» командасының қосалқы құрамын қабылдаған жерлестеріміз 0:0 есебімен теңі ойнады.
"Қайсар-д" - "Шахтер-д" 0:0
Бірінші таймда есте қаларлық ешнәрсе орын алған жоқ. Ойын қақпашысыз өтіп, екі команданың да голкиперлері өз орындарында жұмыссыз тұрды.
Дегенмен, екінші таймда тізгінді өз қолдарына түбегейлі алған алаң иелері «Шахтер» қақпашысы Александр Заруцкийді жиі мазалай бастады. Оң қапталдан Қанат Мұзарап, сол қапталдан Бекмұрат Тұрғанбай атойлап шауып, алғы шептегі әріптестеріне жиі пас асырумен болды. Әйтседе, соңғы нүктені қояр шабуылшы табылмады. Нәтижесінде, Қайыржан Әбуов екінші таймның ортасында алғы шептегі Абай Жамалдин мен Мейірман Бердібекке көмекке Жомарт Жұмабаевты жіберді. Жомарт шабуылға тың серпін бергенімен ойын тағдырын өзгерте алмады. Осылайша, екі командада да көшбасшылық міндетті өзіне алып, ойынға өзгеріс енгізе алар ойыншы табылмай, есеп 0:0 есебімен аяқталды.
Енді ертең Ғани Мұратбаев атындағы Қызылорданың Орталық стадионында аталмыш командалардың негізгі құрамдары кездеседі. Бүгінгі есеп ертең де тіркелсе, турнир кестесінде 5-орынға тұрақтау үшін "Қайсарға" сол да жеткілікті болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: