Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген 300-дей спортшы 18 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевке дзюдо федерациясының алғыс хатын табыстады. Сондай-пқ, ҚР дзюдодан мемлекеттік жаттықтырушысы Ержан Байжұманов елімізде дзюдо спортын қарқынды дамытуға зор үлес қосқаны үшін Абзал Ералиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаевты ҚР спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хатымен марапаттады.
Айта кетейік, дубірлі дода жаңадан пайдалануға берілген спорт кешенде өтті.
1999-2000 ж.т жасоспиримдер арасында
44 келі
1-орын Малика Алпысбай (Қызылорда)
2-орын Аяна Болатбек (Жалағаш)
55 келі
1-орын Мансұр Қуанышов (БҚО)
2-орын Айдос Ислагалиев (БҚО)
3-орын Жанболат Саматұлы (Қызылорда)
3-орын Нұрболат Мұратбеков (Өзбекстан)
57 келі
1-орын Арайлым Ханзада (Қызылорда)
2-орын Бегайым Урустамова (Қырғызстан)
3-орын Эльнора Алпысбаева (Жалағаш)
3-орын Жадыра Абилхай (Жалағаш)
60 келі
1-орын Бегалы Рауан (Қызылорда)
2-орын Нұрсұлтан Дастанбеков (Сарыағаш)
3-орын Жания Оңталап (Қызылорда)
3-орын Айбол Нысанали (Сарыағаш)
63 келі
1-орын Арайлым Оразбай (Қызылорда)
2-орын Дана Сапаралиева (Сарыағаш)
3-орын Алиса Нұртас (Жалағаш)
3-орын Акерке Оразбек (Қызылорда)
2001-2002 ж.т жасөспірімдер арасында:
42 келі
1-орын Арыстан Кұрақбаев (Қызылорда)
2-орын Мұхамедали Айдарбек (Қызылорда)
3-орын Жандос Жұмамұрат (Қызылорда)
3-орын Ермек Рахмет ( Нағи ауылы, Сырдария)
46 келі
1-орын Жеңіс Қалдыбек (Жамбыл)
2-орын Нұршат Әбілтаев (Қармакшы)
3-орын Бағдат Ортай (Сарыағаш)
3-орын Армат Бақытов (БҚО)
50 келі
1-орын Алмас Уәли (Жамбыл)
2-орын Дінмұханбет Ермекбай (Шымкент)
3-орын Нұрхан Жұмағазы (Шымкент)
3-орын Ернар Кішкенбай (Жалағаш).