Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫ МАМАНДАРЫНЫҢ СПАРТАКИАДАСЫ

       ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫ МАМАНДАРЫНЫҢ СПАРТАКИАДАСЫ   Облыстық өтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қысқы спартакиада басталды. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 
Спартакиада облысы Ішкі істер департаментінің «Динамо» спорт кешенінде қысқы спартакиада салтанатты түрде ашылды. Қысқы спартакиада барысында волейбол, үстел теннисі, жүгіру, самбо секілді спорт түрлерінен жарыс өткізілді. 
Қысқы спартакиаданың мақсаты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облыстық филиалы, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ, «Темір жол ауруханасы», «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің дене шынықтыру қабілетін арттыру, спорттық шеберліктерін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларды іріктеу болды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: