Бүгін, қызылордалықтар темір жол вокзалында Польшаның Быдгощ қаласында каратэ-додан ересектер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде күтіп алды.
Каратэ-додан облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиевтің шәкірттері ел үмітін ақтап, жеңіспен оралды. Атап айтсақ, 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай және 60 келіге дейінгі салмақта Нұржан Ақпанбет Әлем чемпиондары атанды.