Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан жастар құрамасының футболшылары наурыз айының соңында екі жолдастық матч өткізеді. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесу өткізеді

 

Саулюс Ширмялис шәкірттері 25 наурызда Хельсинкиде Финляндия жастар құрамасымен, ал 30 наурызда Таллинде Эстония футболшыларымен кездеседі.
– Біз скандинавиялық ойын үлгісін дәріптейтін командалармен ойнаймыз, - деп қарсыласты таңдауын түсіндіреді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы  Саулюс Ширмялис. – Финляндия – бұл Норвегия құрамасмының шағын көшірмесі, біз олармен ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде кездесеміз. Дәл осындай ойын үлгісін эстониялық футболшылар да ұсынады.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде Англия, Норвегия, Швейцария, Босния және Герцеговинамен бір топта ойнайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: