Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Дмитрий Огай: Юрай Пирошканың ойынға құлқы жоқ

Дмитрий Огай: Юрай Пирошканың ойынға құлқы жоқБүгін, 3 мамырда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 10-тур ойындары болып өтті. Қызылорданың "Қайсары" өз алаңында Алматының "Қайратымен" 0:0 есебімен тең түсті. Ойын соңынан кейінгі баспасөз мәслихатында "Қайсардың" бас бапкері журналистер қойған сауалдарға төмендегіше жауап берді. 
Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері:
- Екі команданың да ойыны өте сылбыр болды. Бәлкім, күннің ыстықтығы шығар, жігіттерге футбол ойнау өте ауыр тиді. Сондықтан, ойын туралы ойым екі ұшты.
- Юрай Пирошканы соңғы кездері көрмей жүрміз...
- Мен де оны көрмей жүрмін. Ойынға құлқы жоқ футболшыны қалай қинап алаңға шығарамын. Бірде ауырып қалады, бірде көңіл-күйі болмайды, жаттығуларда да сылбыр. Рас, дубльдік команда сапында алаңға шығып жүр. Дегенмен, ол жақта да жарытып жүргені шамалы.
- Трансферлік науқанда команданы күшейтудің мүмкіндігі бола ма?
- Әлбетте күшейгіміз келеді. Дегенмен, барлығы да сол уақытта белгілі болады. Маған алдымен алдағы ойындар туралы ойлану қажет. Өйткені, біраз ойыншы жарақат алып қалған. Өткен матчта Жасұлан Молдақараев жарақат алды, оның алдында Римо Хунт жараланды. Сондықтан, алдымен құрамада бар жігіттерді бір ретке келтіріп алу қажет.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: