Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Беларусь футболшысы Дмитрий Бородин «Қайсар» сапына алына ма?

«Қайсар» командасының Түркия жерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынының төртінші күнінде беларусьтік 23 жастағы жартылай қорғаушы Дмитрий Бородин келіп қосылды. 


Дмитрий өткен жылы шымкенттік «Ордабасы» сапында доп теуіп, Қазақстан кубогын еншілеген еді. Сонымен қатар Бородин клубтық мансабында Беларустың «Гомель», «Динамо Минск», «Ислочь», Ресейдің «Чайка» секілді клубтарында ойнаған.
Сондай-ақ, қызылордалық команда сынағына Буркино-Фасодан келген Бен Азиз Загре, Гвинея-Бисау футболшысы Проспер Менди, молдовалық қақпашы Степан Сикач, украиналық қорғаушы Виталий Приндета, қазақстандық Қуаныш Қалмұратов пен Әділет Кеңесбек келді.
Оқу-жаттығу жиынында команда алты жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алдымен 11 қаңтарда Әзербайжанның «Шамахы» клубымен кездессе, одан кейін 16 қаңтарда Косовоның «Балкани», 18 қаңтар Әзербайжанның «Кяпаз», 23 қаңтарда Сербияның «Раднички» клубтарымен шеберлік байқасады. Ал, 25 қаңтарда Болгарияның «Локомотив» (София) командасымен ойнаса, 26 қаңтарда сербиялық «Вождавацпен» жасыл алаңға шығады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: