Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Федор Щербаченко: "Қайсарда" ойнағысы келетін футболшылар жетерлік"

Федор Щербаченко: "Қайсарда" ойнағысы келетін футболшылар жетерлік""Қайсар" - "Шахтер" кездесуінен кейін қызылордалық команданың бас бапкері Федор Щербаченко журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, футболшылардың ойындарына өз бағасын берді.
-Бірінші таймды жап-жақсы өткіздік. Екінші таймды да тәуір бастадық. Бірақ шабуылда сәттілік жетіспеді. Ал «Шахтер» өздерінің жалғыз мүмкіндіктерін голға айналдырды.
-Йосип Кнежевичті алаңға тым кеш шығарған жоқсыз ба?
-Йосип қазір бабында емес.
-Ал Кирилл Шестаков алаңға шыққанымен ешнәрсе бітірген жоқ. Оның үстіне, өз қапталында емес, қорғаныс шебінде ойнады. Одан пайда болды ма?
-Біз бар ойыншыларды, көмектесе алады-ау деген жігіттерді шығардық, Өздеріңіз көрдіңіздер ғой, Сергей Кейлердің ойыны мүлдем жүрмей қойды да, оны ауыстыратын ешкімді таппай, Шестаковқа сенім арттым.
-Ал егер қалып жатсаңыз, команда құрамын қаншалықты өзгертер едіңіз?
-Алғаш «Қайсардың» тізгінін ұстағанымда оқта-текте біреулерден «Қызылордаға ешкімнің келгісі келмейді» деген пікірлерді естіп қалатынмын. Кейін өзім басқа командалардың ойыншыларымен сөйлестім. Бәрі де «Қайсар» жайлы, Қызылорда жайлы жақсы пікірде. Мұнда келуге ешкім қарсы емес.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: