Бүгін, 23 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясының ХІ кезектен тыс конференциясы өткізілді.
Жиын барысында федерациясы басшысы Әділбек Жақсыбеков қызметтен кеткенін мәлімдеді. Оның орнына спорт және дене шынықтыру агенттігінің бұрынғы төрағасы Ерлан Қожағапанов сайланды. Ол отандық футболға 2018 жылға дейін жетекшілік жасайды.