Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Айжан алтынды «атып» алды

Айжан алтынды «атып» алдыКатар астанасы – Доха қаласында өткен стенд атудан халықаралық турнирде жерлесіміз Айжан Досмағанбетова үздіктер қатарынан көрініп,  «траптан»  жеңімпаз атанды. 
Ол 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Айжан бұған дейін стенд атудан Қазақстан Республикасының және кубогының бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері болған. Сондай-ақ, ҚР  III жастар спорттық ойындарының, ҚР мектеп және колледж оқушылары арасында VII жазғы спартакиадасының жеңімпазы атанды. Ол қазір №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады. Оның  жаттықтырушысы Максим Коломоецтің үлесі зор.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: