Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕДЕРАЦИЯ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕДЕРАЦИЯ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫНЫ МАРАПАТТАДЫГір тасын көтеруші ардагер спортшылар арасынла бірнеше дүркін Әлем және Еуропа, сонымен қатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы, қармақшылық еңбек ардагері Серік Құлмырзаев үлкен қуанышқа кенелді.
Гір тасын көтеру спортына қосқан елеулі үлесі үшін халықаралық гір спорты шеберлері конфедерациясы мен білім және ғылымды дамыту лигасы президиумының шешімімен "Золотой гиревик" орденімен марапатталды. Сондай-ақ, халықаралық гір спорты шеберлері конфедерациясының шешімімен "Гір тасын көтеру спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағына ие болды. Қазіргі уақытта спортшы 2016 жылдың наурыз айында Ресей мемлекетінің Архангельск қаласында гір тасын көтеру спортынан ардагерлер арасында өтетін кезекті кезекті әлем чемпионатына қатысуға қызу дайындық үстінде. Жерлесімізді жоғары наградасымен құттықтай отырып, жеңіспен оралуыңызға тілектеспіз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: