Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жастары Қостанайда ойсырай жеңілді

"Қайсар" жастары Қостанайда ойсырай жеңілді«Қайсар» жастарының Қостанайға сапары сәтсіз болды. «Затоболец» стадионында «тобылдық» құрдастарымен кездескен жас қызылордалықтар 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.
«Тобыл»-д — «Қайсар»-д 5:1 (3:1)
Голдар: Беріков 11 (1:0), Мұқанов 14 (2:0), Жақыпов 34 (3:0), Оңғарбаев 35 (3:1), Жақыпов 51 (4:1), Жақыпов 75 (5:1)
Қызыл қағаз: Сарбай 90+2 (Қ)
Бас төреші: Ходаков (Қостанай)
Бұл Кәсіпқой футбол лигасының 7-туры аясындағы кездесу болатын. Ойын өте сәтсіз басталып, алғашқы 30-минутта-ақ қақпамызда үш доп тулап жатты. Рас, 35-минутта Абылайхан Оңғарбаев таблодағы көрсеткішті сәл де болса қысқартқан. Алайда екінші таймда алаң иелері қақпамыздан тағы екі рет саңылау тапты. Ал 90-минутта Елжас Сарбайдың жүйкесі сыр беріп, алаңнан қуылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: