Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жолдастық кездесуде "Ақтөбені" жеңді

  "Қайсар" жолдастық кездесуде "Ақтөбені" жеңдіАқтөбе қаласында еліміздің вице-чемпионымен жолдастық кездесу өткізген Қызылорданың «Қайсары» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Өкінішке қарай, Ақтөбеге әртүрлі себептерге байланысты төрт футболшымыз бара алмай қалды. Атап айтсақ, команда сапында қақпашы Кирилл Прядкин және жартылай қорғаушылар Йосип Кнежевич, Кирилл Шестаков, Антон Матвеенко сынды марғасқалар болған жоқ.
Десек те, жасыл алаңға шыққан жерлестеріміз бас бапкер Федор Щербаченконың тапсырмаларын бұлжытпай орындап, 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Жолдастық кездесу деген аты ғана. Әйтпесе, екі команда да жеңісті қолдан бергілері келмей, жасыл алаңда жандарын салды. Тіпті, футболшыларды сабырға түсіру үшін бас төрешіге екі командадан бір –бір ойыншысын алаңнан қууға мәжбүр болды. «Қайсар» сапында қызыл қағаз алған ойыншы – Сергей Кейлер.
Ал алаң иелерінің қақпасына соғылған екі голдың да авторы алаңға ойын барысында қосылған эстониялық шабуылшы Римо Хунт. «Ақтөбе» сапынан Дмитрий Мирошниченко тура соққысымен көзге түсті. Рас, екінші таймда алаң иелерінің қарқыны қатты болған. Бірақ үзіліс кезінде Рамиль Нұрмұхаметовты алмастырған қақпашы Мақсат Сейдахмет қатарынан бірнеше сейв жасап, команданы сан қауіптен құтқарып қалды.
Енді команда Қызылордаға қайтып, 25-тур аясындағы «Қайсар» - «Тобыл» кездесуіне дайындықты әрмен қарай жалғастыратын болады. Естеріңізге сала кетейік, матч 13 қыркүйек күні Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында сағат 17:00-де басталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: