Қарағандының "Шахтер" командасы негізгі құрамының ойыншылары 30-турдағы Қызылорданың "Қайсарымен" кездесуде жасыл алаңға шықпауы мүмкін. Бұл жайында республикалық ақпарат құралдары хабарлап отыр.
Оған себеп кеншілер клубының футболшылары бірнеше айдан бері жалақы алған жоқ. Сондай-ақ, бапкерлер құрамы да еңбекақыға қол жеткізе алмай келеді. Сондықтан олар Қызылордадағы ойынға келуге құлық танытпай отыр. Осыған байланысты "Шахтер" Қызылордада қосалқы құрам ойыншыларын жасыл алаңға шығаруға ғажап емес.
"Қайсар" соңғы орында тұр. Ендеше, турнир кестесінде олар "Шахтерден" озып кетуі ғажап емес. Ел біріншілігінде соңғы 12 орында тұрған команда бірінші лигаға түсіп қалса, 11 орындағы ұжым бірінші лигада 2 орын алған клубпен шеберлік байқасып, қосымша бір жолдама үшін сынға түседі.
«Қайсар» футбол клубы баршаңызды қазанның 24-і күні Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда өтетін «Қайсар» - «Шахтер» (Қарағанды) кездесуіне шақырады.
Ойын жергілікті уақытпен сағат 15:00-де басталады.
Ал аталмыш командалардың қосалқы командалары өз ойынын 23 қазан күні «Локомотив» стадионында өткізеді. Басталуы – 15:00.