Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Каспий" Қызылордада жеңіске жетті

"Каспий" Қызылордада жеңіске жеттіАқтаудың «Каспиіне» қарсы ойында қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін Ерлан Шойтымов шәкірттеріне сәл ғана сәттілік жетіспеді. Екінші таймда қонақтарды толығымен қыспаққа алғанына қарамастан «Байқоңыр» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Каспий» (Ақтау) 0:1
Гол: Вяткин, 19.
Ескертулер: Төлегенов, 26. Б.Исмаилов, 26. Дүйсенбаев, 42. Рүстемов, 57. Төлегенұлы, 67 – Соболев, 40. Қаиров, 43. Аязбаев, 53. Нохрин, 89.
Байқоңыр: Исламкулов, Төлегенұлы, Төлегенов, Рахметов, Дүйсенбаев (Эссонов, 82), Пахаев (Балымбетов, 73), Рүстемов, Б.Исмаилов (Дүйсембаев, 27), Қарабек (Тілеуқабылов, 70), Көшеков, А.Исмаилов.
Резерв: Тілеуов, Ысқақов, Кемалұлы.
Каспий: Аязбаев, Соболев (Нохрин 62), Коне, Пасеченко, Қадырбаев, Ульшин, Қаиров, Озғанов (Қабылан 83), Вяткин (Сейтқалиев 79), Сердюков, Ахметов (Арменов 69).
Бас төреші: Фурхат Атажанов (Шымкент)
Қызылорда. «Локомотив» стадионы, 300 көрермен.
Рас, бірінші таймда қонақтардың үстемдігі байқалды. Күтпеген жерден бірден атойлап алға шапқан ақтаулықтар қызылордалық қорғаушыларды біраз әбігерге салды. Дегенмен, шыны керек, «Каспийдің» құрамы қарымды еді. Бас бапкер Қайрат Айманов команданы бұрындары Премьер-лигада жасындай жарқылдаған жігіттермен жасақтапты. Тәжірибелері мол ойыншылары баршылық. Сондықтан да шығар, ә дегеннен-ақ шабуылға лап қойып, ақыры 19-минутта Владимир Вяткиннің қақырата соққан добы қақпа торында тулап жатты.
Алайда «Байқоңыр» футболшылары жасыған жоқ. Еңселерін түсірмеді. Қонақтарды қорғаныстан шығармай, айып алаңдарына ысырып тастады. Гол соғуға болатын шабуылдар да көптеп ұйымдастырылды. Әсіресе үзілістен кейін «Каспий» толығымен қорғанысқа жантая жатып алуға мәжбүр болып, шабуыл дегенді ұмытты. Өкінішке қарай, «Байқоңыр» сапынан қақпаға допты қақырата тебер ойыншы табылмады. Әйтпесе, желпіне ойнаған жерлестеріміз бүгінгі кездесуде жеңіске лайық болған еді.
Осылайша «Байқоңыр» Бірінші лиганың бірінші айналымын 9-орынмен аяқтады. Енді келесі кездесуін 1 тамыз күні Алматыда ЦСКА командасына қарсы өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: