Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Сыр елі тұңғыш гроссмейстерін күтіп алды

Бүгін Сыр халқы шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әсел Серікбайды әуежайдан күтіп алды.


Әсел Серікбай жуырда Италия елі, Сардиния қаласында өткен Әлем чемпионатынан күміс медаль иеленіп, барша Сыр жұртшылығын қуантқан болатын. Сонымен бірге ол облыс тарихында алғашқы болып гроссмейстер атағын қорғады. Бұл облысымыз үшін үлкен жетістік. 
Күтіп алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Р.Рүстемов, спорт ұйым басшылары, спортшылар, Қорқыт Ата атындағы университеттің әскери кафедрасы, жастар орталығы өкілдері, БАҚ өкілдері және Әселдің туған-туыстары мен әріптестері қатысты. Және осы ретте, Әселдің бапкері Василий Шимелков пен облыс аға жаттықтырушысы Риза Қошқарованың есімдерін ерекше атап өткен жөн. 
Салтанатты шарада  облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі шахмат спортының дамуы жайында сөз қозғады. «Әселдің жеңісі, барша қазақ елінің жеңісі, 17 дүркін Қазақстан, 3 дүркін әлем , 7 дүркін Азия чемпионы атанған алтын қызымыз Сыр елінің қоржынына бүгін тағы да бір марапат – күміс медаль қосып отыр, оның үстіне Әсел Қазақстан бойынша 9-шы, ал Қызылорда облысы бойынша ең алғашқы болып «гроссмейстер» атағын иемденді. Біз әлем біріншілігінде ел абыройын асқақтатқан нәзік те қайсар қызымызды мақтан тұтамыз» деді ол өз сөзінде.  Сондай-ақ, Нұрымбет Сақтағанов қараша айында өтетін Азия Чемпионатына қатысушы қызымыз Назерке Нұрғалиға сәттілік тіледі. 
Әсел Серікбай өз кезегінде барша қолдаушыларына «Алтын уақыттарыңызды бөліп, қуанышыма ортақтасқандарыңыз үшін басымды ие отырып, баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін маңызы зор осынау мереке қарсаңында сіздерге жеңіс сыйлағаным үшін өте қуаныштымын» деп алғысын білдірді. Расымен, бұл тек бір Әселдің немесе бір ғана Сыр жұртшылығының емес, барша қазақ елінің жеңісі, қуанышы. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: