ҚАЗАЛЫ КОНФЕТІ «ХАЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН ҮЗДІК ТАУАР» АТАНДЫ
Астана қаласында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсында «Қазалы» конфет өнімімен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкер Нұрбек Алдажарұлы «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда кәмпит цехында кәмпиттің 4 түрінен тәулігіне 500 кг өнім шығарылады. Өнімдер аудан көлемінен тыс Арал, Қармақшы, Жалағаш аудандарына және Қызылорда қаласы мен Ақтөбе облысына сатылуда. Алдағы уақытта тәуліктік қуаттылықты 1 тоннаға дейін көбейтуге жұмыс жүргізіліп жатыр. 17 адам жұмыспен қамтылған.