Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлем чемпионатында қола жүлдегер атандыҚызылордалық Самал Әбдуәли мен Назерке Нұрғали шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Тайландтың Паттайя қаласында оқушылар арасында өткен шахматтан Әлем чемпионатында қызылордалық қос шахматшы табысты өнер көрсетті. 
№ 1облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шахматшы қыздары Самал Әбдуәли мен Назерке Нұрғали Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 13 жасқа дейін жасөспірімдер арасында сынға түскен Самал швейцар жүйесі бойынша блицтен 7 турда 5 ұпай жинады. Ал Назерке 11 жасқа дейінгі бәсекеде классикадан 9 турдан 6,5 ұпай жинады. Әлем чемпионатына барлығы 37 мемлекеттен шахматшылар қатысты. 
Блиц бойынша жарыстарды есепке алғанда әлемнің мықты оқушылары ондығының қатарына енген Қазақстанның 18 шахматшысының арасында жерлесіміз Самал Әбдуәли де бар. 
Шахматтан облыстың аға жаттықтырушысы Риза Қошқарованың айтуынша, 30 мамыр - 8 маусым аралығында Сингапурде болатын Азия чемпионатына Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қатысады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: