Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданының орталығы – Жетісай қаласында Қызылорданың «Қайсары» жергілікті «Мақтарал» командасымен кездесті, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі.
Жерлестеріміз биыл бірінші лигада көш бастап, келер жылы Премьер-лигаға тікелей жолдамаға қол жеткізуді мақсат етіп отырғаны белгілі. Қазір екінші айналым басталды. Бұдан бұрын қызылордалық футболшылар сырт алаңда Семейдің «Алтай» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Сондықтан «Мақтаралмен» ойында атқа қамшы басуға тырысты. Көздеген мақсатына жетті. Алаң иелері қақпасына жауапсыз үш доп соқты. Бұл голдар Матиц Марушко (15 минөт), Александр Марочкин (20 минөт) және Роман Павинич (93 минөт, пенальтиден) еншісіне жазылды. Осылайша турнир кестесіндегі жағдайын одан сайын жақсарта түсті.
Қазір турнир кестесінде «Қайсар» басты қарсыласы «Қызылжарынан» 6 ұпай алда келеді.
Бұл турда Сыр өңірінің тағы бір командасы – «Байқоңыр» сырт алаңда Астананың «Бәйтерек» клубынан 0:1 есебімен жеңілді. Енді «Қайсар» 11 қыркүйекте өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдаса, 10 қыркүйекте Қызылордада «Байқоңыр» Қарағандының «Шахтер-Болатымен» кездеседі
Қалған ойын нәтижелері төмендегіше: «Екібастұз» – «Қызылжар» 0;1, «Каспий» – «Алтай» 1:1, «Шахтер-Болат» – «Қыран» 2:1.