Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболдан журналистер арасындағы Бердіқұл додасы Астанада өтеді

 Футболдан журналистер арасындағы Бердіқұл додасы Астанада өтедіФутболдан Сейдахмет Бердіқұлды еске түсіруге арналған журналистер арасындағы дәстүрлі дода биыл да Астанада өтеді.
Қазақ спорты журналистикасының төресі Сейдахмет Бердіқұлды еске түсіруге арналған биыл да елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Бірақ жылдағыдай 9-10 мамыр күндері емес, 16-18 мамыр күндері ұйымдастырылады.
16 мамыр күні ұйымдастыру комитеті барлық командалардың өкідерімен (капитандарымен, бапкерлерімен немесе жетекшілерімен) кездеседі. Сол жиында жеребе тартылып, барлық командалар бірнеше топқа жіктеліп, ойындар уақыты бекітіледі. Ал жасыл алаңдағы ойындар 17 мамыр күні өтеді. 18 мамырда плей-офф жүйесімен бас бәйге сарапқа салынады.
Дәстүрлі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясы ұйымдастырады.
Журналистер додасына 21-60 жас аралығындағы БАҚ өкілдері қатысады. Әр команданың сапында 13 адам (12 ойыншы және бір бапкер) болуы керек. Ұйымдастырушылар тек әр басылымда жұмыс істейтін қызметкерлер ғана ойнауы керектігін, сырттан кәсіпқой ойыншы тартуға тыйым салынатындығын қатаң ескертуде.
Журналистер додасы шағын футбол ережесімен өтіп, алаңда төрт ойыншы және бір қақпашы ойнайтын болады. Әр команданың екі жиынтық спорттық киімі (біреуі ашық түсті, екіншісі – керісінше) болуы керек.
Осы турнирге қатысқысы келетін БАҚ өкілдерінің өтініштері 30 сәуірден бастап 16 мамырға дейін (осы күні кешке дейін) қабылданады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: