Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" командасының тарихы (ВИДЕО)

"Қайсар" футбол клубы 1968 жылы құрылған. қатысты. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталатын. Артынша атауын «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен ойын көрсетті.
Жалпы, клуб КСРО чемпионаттарында әр жылдары әркелкі нәтижелер көрсетті. Ал 1991 жылы КСРО біріншіліктеріндегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізіп, Виктор Григорьевич Веретновтың жаттықтыруымен команда өз аймағында үздік төрттіктен көрінді. Кеңестік чемпионаттарда Сыр өңірінің командасы барлығы 858 ойын өткізіпті. Оның 304-ін жеңіспен аяқтаса, 184-інде тең түсіп, 370 кездесуде жеңіліп қалған. Доп айырмашылығы — 1013:1126. Ал Қазақстан чемпионатында «Қайсар» барлығы 22 маусым өткізді. Оның 17 маусымында командамыз ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында (Жоғарғы лига, Суперлига, Премьер-лига) өнер көрсеткен. 1998/99 жылғы футбол маусымында ел кубогын жеңіп алса, 2008 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 4-орынды иемденген. Бүгінде команда өз алаңындағы ойындарын Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткізіп жүр. Стадион 1968 жылы салынған. Алаң көлемі – 105х68 м. Өткен маусымды Бірінші лигада өткізген «Қайсар» футбол клубының мақсаттары асқақ. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: