Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Чехияда чемпион атанды

Чехияда чемпион атандыЖақында Чехия астанасы – Прага қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Қазақстан спортшылары 6 медаль олжалады. Қуаныштысы, соның 4-і кызылордалык балуандардың үлесіне тиеді. 
Атап айтсақ, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары, 55 келі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин мен 60 келіде Жақсыбек Жеңісбек алтын медальға қол жеткізді. Ал 55 келіде Дидар Тәттібай күміс жулде алды. Сондай-ақ, облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Бауыржан Жауынтаев 60 келіде қола жүлдегер атанды. 
Аталмыш жарыс барысында Қазақстан құрамасы үшінші орынды еншіледі. Бірінші орында – Бразилия, екінші орында – Украина. 
Спортшыларымыз – Қазақстан жастар ұлттық құрамасының мүшелері. Үстіміздегі жылдың қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында болатын Әлем чемпионатына осы 4 спортшымен қатар ел намысын Еламан Ерғалиев те қорғайды. Палуандарымыз енді әлем чемпионатының алдында тамыз айында Алматы, қыркүйекте Шымкентте өтетін оқу-жаттығу жиындарына барады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: