Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Канада футболшылары 36 жылдан кейін әлем чемпионатының финалына шықты

Канада футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған құрамалар қатарына қосылды.
Канадалық футболшылар бүгін өз алаңында Ямайканы 4:0 есебімен тізе бүктіріп, 36 жылдан кейін дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Айта кетсек, олар бұдан бұрын 1986 жылғы мундиальда бақ сынаған болатын. Олар өз тобында төртінші орынды місе тұтқан еді.
Солтүстік Америкадан дүбірлі додаға берілетін тағы екі жолдамаға АҚШ, Мексика және Коста-Рика құрамалары үміткер. Соңғы тур ойындары 31 наурызға белгіленген.
Еске салсақ, осыған дейін әлем чемпионатына 19 құрама жолдама алып үлгерген еді. Олардың қатарында алаң иесі – Катар, Еуропа елдерінен – Германия, Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланды, Азия мемлекеттерінен – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы құрамалары шыққан болатын.
Сондай-ақ Африка, Солтүстік Америка және мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирлері жалғасуда.
Ал Еуропада тағы үш жолдама үшін өтпелі кезең ойындары өткізілуде.
Әлем чемпионаты 21 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: