Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада шахматтан Қазақстан кубогы өтеді

Қызылордада шахматтан Қазақстан кубогы өтедіҮстіміздегі жылдың 24-30 маусым аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетов мемориалына арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының II кезеңі басталады. Оған Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 140 шахматшы қатысады. 
Ел кубогына 10 және 14 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар шеберлік байқасады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турда өтеді. Әр ойыншыға 2 сағаттан беріледі. 
Сондай-ақ, 23 маусым күні сағат 18.00-де халықаралық гроссмейстерлер Әнуар Исмағанбетов (Астана қ.) пен Павел Косурдың (Павлодар қ.) қатысуымен шеберлік класы өтеді. 
Жарыстың салтанатты ашылуы 24 маусым күні сағат 16.00-де «Нұрсәт» теннис орталығында болады.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: