Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Сыр елі тоғызқұмалақтан үздік атанды

2022 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтан ел ішінде 1 орында.


Үш жыл қатарынан өңіріміз бірінші орынды бермей келеді. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша Қызылорда тоғызқұмалақшылары ҚР чемпионаттарынан 21 алтын, 11 күміс және 14 қола медаль алса, Әлем, Азия кубоктары мен чемпионаттарынан 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль иеленді.
Облыста 1000-ға жуық спортшы ұлттық спорттың осы түрімен кәсіби айналысады, 25-тен аса спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, ел мәртебесін асқақтатуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: