Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Азия чемпионатында алтын алды

 Азия чемпионатында алтын алдыСингапурде каратэ-додан өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп,  3 алтын, 2 қола медальмен оралды. Қазақстан құрама командасы 8 алтын медальді олжаласа, соның ішінде 3 алтынды біздің спортшыларымыз иеленді.
Азия чемпионатында облысымыздың намысын абыроймен қорғаған жастар арасында сынға түскен №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің түлектері Марта Ким (-47 келі) мен Әділет Төлеу (-57 келі)  алтын жүлдені иеленіп, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Жасөспірімдер арасында Кемілбек Қабланбек («Қажымұқан» спорт клубы) 50 келіден жоғары салмақта  чемпион атанды. 
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас)  мен 55 келіге дейінгі салмақта Нұржан Ақпанбетке (18 жастан жоғары) қола жүлде бұйырды. 
Аталмыш дүбірлі додаға 18 мемлекет қатысты. Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрама командасы  8 алтын, 5 күміс, 18 қола медальмен жалпыкомандалықта үшінші орынға ие болды.  Спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев пен  Нұрбол Тойшыбаев дайындады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: