0
Мозамбик құрамасының ойыншысы «Қайсардың» сынағына келді
«Қайсар» командасының Түркияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Мозамбик құрамасының ойыншысы қосылды.Қасқырлардың таңертеңгілік жаттығу жұмысына Мозамбик құрамасының шабуылшысы Режиналдо Файфе қосылды. 29 жастағы футболшы бас бапкер Стойчо Младеновтың сынағынан өтпек. Режиналдо «Насьонал», «Санта Клара», «Люфтетари», «Лачи», «Кукеси» секілді клубтардың намысын қорғаған.
Былтыр Қарағандының «Шахтер» командасының намысын қорғады. Клубтық мансабында 167 рет алаңға шығып, 48 мәрте мергендігімен көзге көрінген.